#Umra2018

365 posts

Loading...
“Qazaq travel” компаниясының Instagram және Facebook парақшасы өзінің жазылушыларына арнап ойын ұйымдастырмақ. Ойынның шарты өте қарапайым. Әкеңізбен немесе анаңызбен бірге суретке түсіп, өз парақшаңызға салып және біздің парақшаны белгілесеңіз болғаны. Ең жақсы шыққан фотоға сыйлықтарымыз бар! ⠀ Ойынның шарты: ⠀ 🍀 Біздің парақшаға жазылу керек; 🍀 Әкеңізбен, анаңызбен бірге суретке түсіп, өз парақшаңызға салыңыз; ⠀ 🍀 Суретте біздің инста парақшаны (@qazaq_travel ) белгілеңіз және аккаунтыңызды уақытша ашып қойыңыз біз көре алатындай. ⠀ Ең әсерлі шыққан фотоға әрі постқа біздің компанияның арнайы сөмкесі және Қасиетті Құран кітапты сыйға тартамыз. Ойын 25-ші шілдеге дейін жалғасады. Ойынның басты мақсаты - ата-анаңызға деген ерекше сезіміңізді, жақсы көретініңізді фото арқылы жеткізу. Ендеше сәттілік тілейміз! 😊😊😊 #қажылық2018 #ұмра2018 #хадж2018 #умра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Первые паломники из Пакистана и Индии начали прибывать к Дому Аллаха для совершения обрядов Хаджа. Сезон Хаджа 2018 открыт! . Отмечаем друзей которые собираются совершить Хадж, пусть смотрят, поделись информацией. . Пиши слово в комментариях К А А Б А ... #хадж #умра #Мекка #Медина #Makkah #замзам #Ислам #мусульмане #Коран #Хадисы #умма #muslim #madinah #kaaba #мечеть #кааба #альхарам #НовостиХаджа #hajj #umrah #hajj2018 #umra2018 #jeddah #Мечеть #хадж2018
Изменения Каабы и количество паломников в разные годы... . Отмечаем друзей которые собираются совершить Хадж, пусть смотрят, поделись информацией. . Пиши слово в комментариях К А А Б А ... #хадж #умра #Мекка #Медина #Makkah #замзам #Ислам #мусульмане #Коран #Хадисы #умма #muslim #madinah #kaaba #мечеть #кааба #альхарам #НовостиХаджа #hajj #umrah #hajj2018 #umra2018 #jeddah #Мечеть #хадж2018
Қажыларға арналған видео-сабақтың #2 бөлімін сіздерге ұсынбақпыз. Видео-сабақты жолбастаушымыз - Бекжан Аширбаев түсіндіріп, айтып береді. Видео-сабақтың толық нұсқасын You Tube парақшамыздан көре аласыздар, сілтеме жоғарыда! ☝️☝️☝️ ⠀ Егер қажылық сапарына баратын туысқандарыңыз, достарыңыз және таныстарыңыз болса, бөлісіп, айта жүріңіздер! Осы кісілер үшін дұға жасап, қажылықтарының қабыл болуын тілеңіздер! Әлі бармаған, ниеттеніп жүрген адамдар болса, ниеттеріңіз қабыл болсын, осы кісілердің жолын сіздерге де берсін! #қажылық2018 #ұмра2018 #видеосабақ #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #видеоурок #умра2018 #гид
Жәбір, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай дейді: ⠀ Расында, әр қайсысыңның жандарыңда, тамақ жесеңдер де, не істесеңдер де шайтан тапжылмай тұрады. Егер біреулерің тамақтарыңның бір бөлігін жерге түсіріп алсаңдар, оны шайтанға қалдырмай оған ілінгенді алып тастап жеп қойсын. ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір күзде болатын Ұмра сапарына тіркеу басталды, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Ұмра сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018 #умра2018 #хадж2018
Қасиетті Құран Кәрім жайында дайындаған 30 деректің үшінші 10-дығын сіздерге ұсынбақшымыз: ⠀ 🔸 Құран Кәрімде Алла Тағала адамды ойландыратын астарлы әңгімелер мен мысалдар келтіреді. «Алла мысалдарды адамдар ескеріп, ғибрат алулары үшін келтіреді». («Ибраһим» сүресі, 25-аят); ⠀ 🔸 Құран – адамзатқа арналған заңдар жүйесін немесе жаратылыс құпиясы туралы деректерді ғана емес, тарихи оқиғалар туралы баяндамаларды да қамтиды. Ерекшелігі – пайғамбарлар мен елшілердің және олардың қауымдарының өмірлерінен суреттер, үзінділер болатын бұл оқиғаларды әлемдердің Раббысы баяндайды; ⠀ 🔸 Құрандағы ең ұлы аят – «Бақара» сүресінің 255-аяты «Аятул Курси». Ғалымдар, «Аятул Курсидің» «ең ұлы аят» атану себебін мұнда Алла Тағаланың құлшылықтағы, раббылықтағы бірлігі айтылады және ұлылық, шексіздік сипаттары қамтылады деп түсіндірген; ⠀ 🔸 Ең алғаш түскен аят – «Алақ» сүресінің алғашқы 5 аяты. Ең соңғы түскен аят – «Бақара» сүресінің 281-аяты; ⠀ 🔸 Құранның анасы – «Фатиха» сүресі. 26. Құранның жүрегі – «Иа син» сүресі; ⠀ 🔸 «Құранның шыңы – «Бақара» сүресі. «Әр нәрсенің шыңы бар. Құранның шыңы – «Бақара» сүресі. Бұл сүреде Құран аяттарының мырзасы Аятүл Күрсі бар». (Тирмизи); ⠀ 🔸 Құранда бір ғана әйелдің аты аталған. Ол – күллі әйелдердің ардақтысы, Иса пайғамбардың анасы Мәриям анамыз. Оның есімі 33 рет аталады; ⠀ 🔸 Соңғы түскен сүре – «Наср» сүресі; ⠀ 🔸 Құрандағы 4 аяттан тұратын «Ықылас» сүресі Құранның үштен біріне тең келеді; 🔸 Құран Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көзі тірісінде бір кітап болмаған. Тек ол кісіден кейін билікке келген ардақты сахаба Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) билігі кезінде ғана бір кітап болып жинастырылды. #қажылық2018 #ұмра2018 #хадж2018 #умра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Первые паломники из Пакистана и Индии начали прибывать к Дому Аллаха для совершения обрядов Хаджа. Сезон Хаджа 2018 открыт! #хадж #умра #Мекка #Медина #Makkah #замзам #Ислам #мусульмане #Коран #Хадисы #умма #muslim #madinah #kaaba #мечеть #кааба #альхарам #НовостиХаджа #hajj #umrah #hajj2018 #umra2018 #jeddah #Мечеть #хадж2018
Биыл Қазақстан халқы үшін Қажылық-2018 маусымы 13-29 тамыз аралығында болады. Алланың қалауымен Қазақстан Республикасынан 3 мыңға жуық қажылар осынау ұлы сапарды өтеуге аттанады. Осы 16 күн аралығында қажылар барлық амалдарды орындап, елге оралады. ⠀ "Qazaq Travel" компаниясымен Қажылық-2018 маусымына 220 қажы аттанғалы отыр. Алғаш рет баратын адамдар көптеген амалдардан, реттіліктерден бейхабар. Осының алдын алу мақсатында, біздің компания әлеуметтік желілерде және You Tube парақшамызда арнайы қажылар үшін түсіндірмелі видео-сабақ дайындадық. Осы видео-сабағымызда барынша ақпаратпен: "қайда барамыз, не үшін барамыз, қандай амалдар жасаймыз, қажылық парыздары және қандай қасиетті орындарды зиярат етеміз" - деген сияқты сұрақтарға жауап беретін боламыз. Видео-сабақты жолбастаушымыз - Бекжан Аширбаев түсіндіріп, айтып береді. ⠀ Егер қажылық сапарына баратын туысқандарыңыз, достарыңыз және таныстарыңыз болса, бөлісіп, айта жүріңіздер! Осы кісілер үшін дұға жасап, қажылықтарының қабыл болуын тілеңіздер! Әлі бармаған, ниеттеніп жүрген адамдар болса, ниеттеріңіз қабыл болсын, осы кісілердің жолын сіздерге де берсін! #қажылық2018 #ұмра2018 #видеосабақ #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #видеоурок
Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Расында, әр бір жеген тамағына және әр бір ішкен суына Аллаһқа мақтау айтқан құлы үшін, Аллаһ Өзінің ризалығын білдіреді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір күзде болатын Ұмра сапарына тіркелу басталды, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Қасиетті Құран Кәрім жайында біз сіздерге 30 деректің екінші 10-дықты ұсынбақшымыз: ⠀ 🔸 Құран аяттары 23 жыл бойы әр түрлі оқиғаларға, жағдаяттарға, сұрақтарға т.б байланысты бөлшектеліп түскен; ⠀ 🔸 Құран – мүмкін болған өмірдің барлық тақырыптарын қамтыған жалғыз кітап. «Әнъам» сүресінің 38-аятында Алла Тағала: «Біз Кітапта» еш нәрсені қалдырмадық (бәрін жаздық)» дейді. Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын) осыған байланысты: «Алла бұл Құранда мүмкін болған барлық ілімді түсірді және бізге барлық болмысты түсіндіріп берді» деген болатын; ⠀ 🔸 Құран – жатқа оқу үшін ғана емес, ой жүгірту, амал жасау үшін түсірілген Алланың сөзі. «Қамар» сүресінің 17-аятында: «Расында, Құранды үгіт үшін оңайластырдық. Ал енді оны түсінуші бар ма?» делінген; ⠀ 🔸 Құран – адамның тәні мен жанына шипа болатын жалғыз кітап. «Ей, адамдар! Тәңірлеріңнен сендерге насихат, жүректеріңдегі дерттеріңе дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау ретінде Құран келді». («Юнус» сүресі, 57-аят); ⠀ 🔸 Құран Кәрімде 14 сәжде аяты бар: «Аъраф» (206), «Раъд» (15), «Нахл» (41), «Исра» (107), «Мәриям» (58), «Хаж» (18,77), «Фұрқан» (60), «Нәмл» (25), «Сәжде» (15), «Сад» (24), «Фуссиләт» (37), «Нәжм» (62), «Иншиқақ» (21), «Алақ» (19). Осы аятты оқыған және тыңдаған адам сәжде жасайды; ⠀ 🔸 Құран Кәрімде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Мұхаммед есімі 4 рет, Ахмад есімі 1 рет келген; ⠀ 🔸 Құран – иман көтерудің ең басты құралы. «Нағыз мүміндер – Алла еске алынса, жүректері қобалжитын, оларға Алланың аяттары оқылса, имандары артып, Раббыларына тәуекел қылатын (жандар)» делінген; ⠀ 🔸 Құран – барша әлемге (күллі жындар мен адамдарға) ескерту болған ұлы кітап. Қасиетті Кітапта: «Бүкіл әлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы мен жаманды айыратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары» делінген. («Фұрқан» сүресі, 1-аят); ⠀ 🔸 Құран – Қияметте өзін оқығанға шапағат ететін (Алладан кешірім сұрайтын) жалғыз кітап. «Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді» деген. (Муслим); ⠀ 🔸 Құран – өмірдің мәнін түсіндіруші, өмірлік мақсатты айқындаушы кітап. #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
14 шілдеден бастап Сауд Арабиясында Қажылық-2018 маусымы басталады ⠀ Осы сенбі күні, яғни 14 шілде де Сауд Арабия Карольдігі ресми түрде алғашқы шет елден келетін қажыларға есігін аша бастайды. Бірінші болып Үндістан, Пәкістан және Бангладеш елінің қажылары аяқ басады. ⠀ Джидда қаласына алғаш болып Biman Airlines әуекомпаниясы арқылы Бангладеш елінінен қажылар барады ал, Нью-Дели (Үндістан) және Карачи (Пәкістан) елінен баратын қажылар Мәдина қаласындағы аэропортқа тұрақтайды. ⠀ Сауд Арабиясы азаматтық авиациясының бас басқармасы барлық дайындықты аяқтап, қажыларды күтіп алуға дайын екенін жеткізді. ⠀ Қазақстаннан баратын қажылар тамыздың 13-і күні осынау қасиетті сапарға аттанады. Қажылық сапарын өтеуге ниет етіп бара жатқан мұсылмандарға дұға жасап, аман-есен оралуларын тілейік! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ «Бірде өзінің жолымен келе жатқан адам қатты шөлдей бастайды. Ол бір құдық тауып, онда түсіп шөлін қандырып шыққанда, шөлдегеннен лай топырақты жеп жатқан бір итті көреді. Осыны көрген ол өзіне-өзі: «Бұл ит мен шөлдегендей қатты шөлдеп жатыр», - дейді де, қайтадан құдыққа түсіп аяқ киіміне су толтырып, оны тісімен тістеп сыртқа көтерілгенше тісінен түсірмейді. Сосын сыртқа шығысымен иттің шөлін қандырып су береді. Осы амалы үшін Аллаһ, ол адамның бүкіл күнәләрін кешіріп алғысын білдіреді». Сонда адамдар: «Иә Аллаһтың елшісі, бізге хайуандар үшін де сауап беріледі ме?», - деп сұрады. Ол: «Сауап барлық тірі жан үшін беріледі», - деді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Le voyage d'une vie est un voyage qui se prépare ♥️ Dans un peu plus d'un mois, certains prendront certainement le chemin qui mène vers Mecca 😇 Hajj ou 'Umra, dans les 2 cas une préparation physique, mentale et spirituelle est à envisager quelques temps avant le grand départ 😇 Avec l'équipe #Givrée , nous avons littéralement craqué pour le guide illustré BDouin 😍 Illustrations colorées, cartes annotées, schémas détaillés, invocations en arabe/phonétique/français ou encore conseils avisés, tout est rassemblé dans ce petit recueil afin de permettre à chacun de mieux retenir les informations importantes 😉 Y en a-t-il parmi nous qui irons au Hajj ou en 'Umra cette année #2018 ? Avez-vous commencé à préparer votre voyage ? #Hajj #Hajj2018 #Umra #Umra2018 #Mecca #Mecque #Islam #Musulman #Muslim
#Repost @qazaq_travel • • • • • Бүкіл мұсылман жұртының жансарайының шуағы мен тіршіліктегі темірқазығына айналған Қасиетті Құран Кәрім 610 жылы Жәбірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) түсіріле бастады. Құранның алғашқы аяттары Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) 610 жылы Рамазан айында Хира үңгірінде Ұлы Жаратушыға мінәжат үшін барғанында нәзіл болғаны баршамызға белгілі. Содан бастап 23 жыл ішінде Құранның барлық аяттары рет‑ретімен түсіп бітті. ⠀ Осынау қасиетті кітап жайында біз сіздерге 30 деректің алғашқы 10-нын ұсынбақпыз: ⠀ 🔸 Құран – Алланың сөзі әрі мәңгі мұғжиза кітап; ⠀ 🔸 Құран – «оқу» деген мағынаны білдіретін «қираа» сөзінен шыққан. Бұдан «қырағат» деген сөз шығады. Яғни, Құран – «оқу», «көп оқу» деген мағынаны білдіреді. Расында, Құран көп оқылатын кітап; ⠀ 🔸 Сүре дегеніміз – белгілі бір мәтін көлемін қамтыған, соңы мен басы, атауы бар аяттар топтамасы. Сүрелер ұзын, орташа, қысқа болып келеді. Құран Кәрімде 114 сүре бар; ⠀ 🔸 Құран Кәрімде 30 пара бар. Пара дегеніміз – Құран сүрелері мен аяттарының 20 беттен тұратын бөлігі; ⠀ 🔸 Аят дегенміз – сүрелерді құрайтын белгілі бір бөліктер, сөйлемдер мен сөз тіркестері. Аят сөйлем секілді болғанымен, кейде бір тиянақты ойды білдірмейді. Бірнеше сөйлемнен де тұруы мүмкін. «Аят» – белгі деген мағынаны білдіреді; ⠀ 🔸 Құран Кәрімдегі ең ұзын сүре – «Бақара» (286 аят), ең қысқа сүре – «Кәусар» (3 аят); ⠀ 🔸 Құран Кәрімде 114 сүре, 6236 аят, 77 934 сөз, шамамен 323670 әріп бар; ⠀ 🔸 Құран Кәрімдегі ең ұзын аят – «Бақара» сүресінің 282-аяты; ең қысқа аят – «Рахман» сүресінің 64-аяты; ⠀ 🔸 Құран сүрелері Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалардың Мекке қаласынан Мәдина қаласына қоныс аударуына байланысты «меккелік» және «мединелік» болып 2-ге бөлінеді. Сүрелердің 87-сі Меккелік кезеңде, 27-сі Мәдина кезеңінде түскен; ⠀ 🔸 Құран Кәрімдегі 113 сүре «Бисмилләмен» басталған, тек «Тәубе» сүресі ғана «Бисмилләсіз» келеді. «Нәмл» сүресінде «Бисмиллә» екі мәрте келген. Бірі – сүренің басында, екіншісі – сүренің ішінде. #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #salauatty_ club_shugla
Бүкіл мұсылман жұртының жансарайының шуағы мен тіршіліктегі темірқазығына айналған Қасиетті Құран Кәрім 610 жылы Жәбірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) түсіріле бастады. Құранның алғашқы аяттары Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) 610 жылы Рамазан айында Хира үңгірінде Ұлы Жаратушыға мінәжат үшін барғанында нәзіл болғаны баршамызға белгілі. Содан бастап 23 жыл ішінде Құранның барлық аяттары рет‑ретімен түсіп бітті. ⠀ Осынау қасиетті кітап жайында біз сіздерге 30 деректің алғашқы 10-нын ұсынбақпыз: ⠀ 🔸 Құран – Алланың сөзі әрі мәңгі мұғжиза кітап; ⠀ 🔸 Құран – «оқу» деген мағынаны білдіретін «қираа» сөзінен шыққан. Бұдан «қырағат» деген сөз шығады. Яғни, Құран – «оқу», «көп оқу» деген мағынаны білдіреді. Расында, Құран көп оқылатын кітап; ⠀ 🔸 Сүре дегеніміз – белгілі бір мәтін көлемін қамтыған, соңы мен басы, атауы бар аяттар топтамасы. Сүрелер ұзын, орташа, қысқа болып келеді. Құран Кәрімде 114 сүре бар; ⠀ 🔸 Құран Кәрімде 30 пара бар. Пара дегеніміз – Құран сүрелері мен аяттарының 20 беттен тұратын бөлігі; ⠀ 🔸 Аят дегенміз – сүрелерді құрайтын белгілі бір бөліктер, сөйлемдер мен сөз тіркестері. Аят сөйлем секілді болғанымен, кейде бір тиянақты ойды білдірмейді. Бірнеше сөйлемнен де тұруы мүмкін. «Аят» – белгі деген мағынаны білдіреді; ⠀ 🔸 Құран Кәрімдегі ең ұзын сүре – «Бақара» (286 аят), ең қысқа сүре – «Кәусар» (3 аят); ⠀ 🔸 Құран Кәрімде 114 сүре, 6236 аят, 77 934 сөз, шамамен 323670 әріп бар; ⠀ 🔸 Құран Кәрімдегі ең ұзын аят – «Бақара» сүресінің 282-аяты; ең қысқа аят – «Рахман» сүресінің 64-аяты; ⠀ 🔸 Құран сүрелері Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бен сахабалардың Мекке қаласынан Мәдина қаласына қоныс аударуына байланысты «меккелік» және «мединелік» болып 2-ге бөлінеді. Сүрелердің 87-сі Меккелік кезеңде, 27-сі Мәдина кезеңінде түскен; ⠀ 🔸 Құран Кәрімдегі 113 сүре «Бисмилләмен» басталған, тек «Тәубе» сүресі ғана «Бисмилләсіз» келеді. «Нәмл» сүресінде «Бисмиллә» екі мәрте келген. Бірі – сүренің басында, екіншісі – сүренің ішінде. #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
#Repost @qazaq_travel ・・・ АДАМ БАЛАСЫ МЕН ҚҰРМА АҒАШЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ 7 ҰҚСАСТЫҚ ⠀ Құрма – арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін бірақ дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының 3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған. ⠀ Алла Елшісі (с.а.с) құрманы қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. ⠀ Құрма ағашы ең көне ағаштардың біріне жатады. Құрманың құрамы адам бойындағы барлық қажетті витаминдерге бай және денсаулыққа өте пайдалы екенін атап кеткен жөн. Адам баласымен құрма ағашының арасында тығыз қарым-қатынас пен ұқсастық бар. Соларды атап өтсек: ⠀ 🍀 Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл. 🍀 Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді. ⠀ 🍀 Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі. ⠀ 🍀 Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Еркегінің ұрығын алып, ұрғашысына салып, қолдан ұрықтандырылады екен. ⠀ 🍀 Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол ұрғашы құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады. 🍀 Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жұмрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады. ⠀ 🍀 Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен. #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 ⠀ ⠀
АДАМ БАЛАСЫ МЕН ҚҰРМА АҒАШЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ 7 ҰҚСАСТЫҚ ⠀ Құрма – арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін бірақ дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының 3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған. ⠀ Алла Елшісі (с.а.с) құрманы қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. ⠀ Құрма ағашы ең көне ағаштардың біріне жатады. Құрманың құрамы адам бойындағы барлық қажетті витаминдерге бай және денсаулыққа өте пайдалы екенін атап кеткен жөн. Адам баласымен құрма ағашының арасында тығыз қарым-қатынас пен ұқсастық бар. Соларды атап өтсек: ⠀ 🍀 Адам секілді құрма ағаштарының да орташа жасы 60-70 жыл. Ал ең ұзақ ғұмырлысы 100-110 жыл. 🍀 Адам секілді құрма ағашының ең жемісті кезі 15-45 жас аралығында болады. 60 жастан кейін жеміс бермейді. ⠀ 🍀 Құрма ағаштары да адам секілді еркек-ұрғашы болып бөлінеді. Адам шашы тәрізді еркектерінің жапырағы тік және қысқа болса, ұрғашыларынікі ұзын және төмен қарай жайылып өседі. ⠀ 🍀 Олар өзге өсімдіктер секілді тозаңдау жолы арқылы емес, ұрықтандыру арқылы көбейеді. Еркегінің ұрығын алып, ұрғашысына салып, қолдан ұрықтандырылады екен. ⠀ 🍀 Жас ағаш ананың құрсағы секілді бүйірінен томпайым өсіп шығады. Белгілі бір уақыттан кейін ол ұрғашы құрма ағашының бүйірінен бөліп алынады да, жақын жерге отырғызылады. Егер анасынан алыс жерге отырғызылса, өліп қалады. 🍀 Адам басы секілді құрма ағашының да жоғарғы жағында «жумра» атты домалақ басқару жүйесі орналасқан. Басқа ағаштардың жоғарғы жағын кесіп алып тастасаңыз, жанынан бұтағын жайып, өсіп кете береді. Ал құрма ағашы олай емес. Жұмрасын кесіп тастасыңыз, ағаш қурап кетеді. Яғни, өліп қалады. ⠀ 🍀 Адам сусыз өмір сүре алмайды. Құрма ағашы да басқа ағаштарға қарағанда суды көбірек қажет ететін өсімдік. Ағашты күніне суарып тұру қажет екен. #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 ⠀ ⠀
Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Иманның жетпістен /не алпыстан/ астам тармағы бар. Оның ішіндегі ең жақсысы: «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ» /Лә иләһә илал-Ллаһ/, - деу, ал ең кішісі жолдың бойынан адамдарға кедергі жасайтынды алып тастау және ұялшақтық – иманның бір тармағы болып саналады. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір күзде болатын Ұмра сапарына тіркелу басталды, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Ұмра сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Мекке қаласы туралы бірнеше факт: ⠀ 🔶 Меккенің көлемі: 1 000 000 шаршы метр; ⠀ 🔶 Мекке қаласындағы мешіттің ішіне 2 млн-ға жуық адам сияды; ⠀ 🔶 Мекке қаласына жылына Қажылық сапарын және Ұмра сапарын өтеуге 20 млн-ға жуық адам барады; ⠀ 🔶 Есігі ешқашан жабылмайды. Яғни Меккеге еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін әрбір адам бара алады. Ол кезде сенің ұлтың, нәсілің әрі жасың маңызды емес, себебі Алланың алдында бәрі бірдей; ⠀ Мекке қаласына барып, сәжде қылып, осынау 20 млн адамның бірі болуға нәсіп етсін! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН САҒАТ ⠀ Әлемдегі ең үлкен сағат - Исламның ең қасиетті қаласы - Меккедегі Әл-Харам мешітінің жанындағы сағат. Сауд Арабия елінің Бас сағаты әлемдегі ең үлкен сағат атанып отыр. ⠀ Сағат тетігі орнатылған мұнараның биіктігі - 601 метр. Ал сағаттың көлемі - 40 метр. 2011 жылы іске қосылған бұл сағаттың төрт циперблаты дүниенің төрт бұрышына қаратып орналастырылған. Бұл сағатты Мекке тұрғындарына қаланың түкпірінен болсын қараса да анық көріп намаз уақытын біле алатындай етіп салған екен. Мекке мәдениетінің ең көрнекті ғимараты, Қағбаға қарама-қарсы орналасқан, қаланың қай жағынан қарасаңда көрінетін, әлемдегі ең үлкен мұнаралы сағат бар. Жоба жетекшілері Швейцар және Неміс инженерлері болып табылатын бұл сағаттың циферблат көлемі 43 шаршы метрді құрайды. Ал салмағы 21 тоннаны құрайды. Мұнара ұзындығы 607 метр. Бұл алып құрылғы 8 километр қашықтықта көрінеді. ⠀ Сағат пен ғимараттың ең ұшында ораналасқан алтын жалатылған жарты айды 45 метрлік тіреу(шпиль) байланыстырып тұр. Тіреуде Азан дауысын 7 шақырым қашықтыққа шығаратын 160 қуатты дауыс зорайтқыш орналасқан. Бұл дауысты Мекке қаласының барлық тұрғыны естиді. ⠀ Жарты ай салмағы - 107 тонна; Диаметрі - 23 метр. ⠀ Алла Тағала әрбіріңізге осы сағатты көріп, азанның даусың естуге жазсын! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Абу Зарр, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ "Ешуақытта шариғаттың рұқсат еткенін елемеуші болма, керек десең, ол бауырыңды күлімдеп қарсы алу тұрғысында болса да". (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір күзде болатын Ұмра сапарына тіркелу басталды, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Сонау Қызылорда қаласынан Алматы қаласына ат терлетіп келген Әли Есенқараев атамыз жақында 70 жасқа толды. Қаншама мың қашықтықты артқа тастап, біздің компаниямен қажылық сапарына жолдасы екеуіне билет алды. Билеттің ақшасын балалары жинап бергенін айтып, риза болысты. Алматы қаласына жолдасы және екі немересімен келген екен. Осы ұлы сапарға бұрыннан бері ниеттеніп жүріпті. Алланың қалауымен биылғы Қажылыққа жолдасы екеуі бірге баруға жазыпты. ⠀ Осы қысқа видеомызда Әли ақсақал мен Баян апамыздың қашаннан бері ниеттеніп жүргенін, одан кейін қандай амалдар жасағанын толығымен қамтуды жөн көрдік. Видеоның толық нұсқасын YoubTube парақшамзға өтіп, тамашалай аласыздар. Сілтеме жоғарыда! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Қазақ тарихында қажылыққа бірінші болып барған адам - Досжан Қошақұлы. Көрнекті әрі діни қайраткер болған екен. XVIII ғасырдың 60-жылдарында ел ішінде мешіт ашып, жастарға діни дәріс беріпті. ⠀ Ол 1791-92 жылдары Меккеге қажылыққа сапар шегеді. Қажылыққа келушілерді тіркеу басталғанда Құдайға құлшылық етушілердің тізімінде «қазақ» деген ел, бұл елден келген қажы болмай шығады. Содан Досжан Қошақұлына қажылық рәсімге рұқсат етілмейді. Себебі, қажылықа келген адам қай ұлттың өкілі екені мұқият тіркеліп отыратын көрінеді. Сондықтан да, қажылыққа келген адамның елін, оның ұлтын қадағалау - аса маңызды талаптардың бірі болыпты. ⠀ Осыған байланысты «беймәлім» елден келген Д.Қошақұлы өзінің ұлтын куәландыруға тиісті екен. Содан не керек, Досжан елге қайта оралады. Өзінің қазақ ұлтынан екенін куәландыру үшін ол Қазан қаласына сапар шегеді. Сол қаланың бас мүфтиінен: «Қазақ деген ел бар. Мешіт ашып, Алла жолына құлшылық етіп отырған халық. Бірақ, жердің шалғайлығына байланысты бұл халықтан қажыға барған адамдар болмаған» деген мағынада «шатыр хат» алады. Әрі оны мұсылмандық мөрмен куәландырып береді. Сол хатпен Досжан Қошақұлы Мекенің қажылық сапарына қайтадан аттанады. Ол қазақ ұлты атынан тіркеліп және Мекеге барған қазақтар үшін қонақ үй салып береді. ⠀ Мұны біз «Алтынды орда қонған жер» атты кітапта жырау Ыбырай Кулбаевтың: Табында талай асқан бар, Дариядай тасқан бар. Үй салдырған Меккеден Қошақтың ұлы Досжан бар,- деген жырынан біліп отырмыз. ⠀ Шынында да, Досжан қажының еңбегі үлгі етуге тұрарлықтай емес пе?! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #umra2018 #hajj2018
Абу Сафуан Абдуллаһ бин Бусра аль-Аслами, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Адамдардың ішіндегі ең жақсылары болып саналатындар, олар көп өмір сүріп амалдары жақсы болғандар. Ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір күзде болатын Ұмра сапарына тіркелу басталды, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға кіші Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Түнгі Мекке туралы Ресей ғарышкері Анатолий Иванишин Мекке мен Мәдинаны ғарыштан қарағанда жер бетіндегі ең нұрлы мекен екенін жасырмады. Ол бұл туралы өзінің күнделігінде былай деп жазды: «Ғарыш кеңістігінде болған кезімізде әріптесім екеуміз түнгі «оттарымен» даңқы шыққан Парижді, сондай-ақ Еуропа және Америка секілді елдердің біршама қалаларын суретке түсірдік. Алайда, түсірген суреттеріміз анық болмай шықты. Содан соң, ғарыш кемесінің объективін Араб түбегіне бағыттадық. Түсірген суретіміздің анықтығына экипаж мүшелерінің барлығы таңғалды. Әуелде Араб түбегінен екі жарқыраған нүктені байқадық. Бастапқыда оның қандай мекен екенін түсіне алмадық. Артынан нақты координаттар анықталғаннан кейін ғана мұсылмандардың кие тұтатын Мекке мен Мәдина қалалары екенін білдік», – дейді Иванишин ғарыш кеңістігінде басынан кешкен әсерін бөлісіп. ⠀ Таңданысын жасыра алмаған ресейлік ғарышкер Мекке мен Мәдинаны «Құдайдың кереметі» деп атады. Лондондық «Таяу Шығыс» деп аталатын басылымының мәліметінше, ресейлік ғарышкер сөзінің растығын дәлелдейтінін айтты. Осынау Қасиетті орындарды өз көзімізбен көруге жазсын! #қажылық2018 #ұмра #умра #хадж2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Қағба – Меккедегі Әл-Харам мешітінің ортасында орналасқан ғимарат, Аллаға құлшылық ету үшін барша мұсылман қауымның күніне бес рет бұрылатын қасиетті орны. Сол қасиетті Қағба жайында сіз білмейтін 5 деректі жазбақпыз: ⠀ 🍀 Қағба бірнеше рет тұрғызылған. Оның қазіргі көрінісі Ибраһим (а.с.) мен Исмайыл (а.с.) пайғамбарлар тұрғызған кездегі көрінісінен мүлде басқаша. Табиғи апаттар мен бұзылып, қираулардың нәтижесінде ол осыған дейін бірнеше рет қайта жаңартылған. ⠀ 🍀 Алғашында оның екі есігі және терезесі болатын Алғаш кезде Қағбаның кіруге және шығуға арналған екі есігі, сонымен қоса терезесі бар еді. Қазіргі Қағба терезесіз, тек бір есігі ғана бар. ⠀ 🍀 Кілті меккелік бір әулетке тиесілі. Әуел баста құрайыштар тайпасындағы кілт Меккені алған соң Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қолына тиеді. Бірақ Алла елшісі (с.а.с.) кілтті Осман ибн Талхаға қайтарып береді. Содан бері осы әулеттің ұрпақтары кілттің иесі болып саналады. ⠀ 🍀 Расында Қағба екеу Қағбаның қақ төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол жайлы қасиетті Құранда және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан. Алла елшісі (с.а.с.) Миғраж сапары жайлы айтқанында: «Одан кейін маған әл-Бәйт уль-Маъмур (Алланың Үйі) көрсетілді. Мен Жәбірейілден «Бұл не?» деп сұрағанымда ол: «Бұл әл-Бәйт уль-Маъмур. Күніне жетпіс мың періште бұл жерде құлшылық жасайды, олар бір қайтқанда екінші қайта келмейді. Олардың орнына басқа періштелер келеді, солай күнде жалғаса береді», – деді», – деген. ⠀ 🍀 Мұсылмандар үшін Қағба мен Қара тастың орны ерек. Қағба Аллаға құлшылық жасағанда қайда қарап бұрылу керектігін меңзейтін қасиетті орын болса, Қара тас Қасиетті Үйдің қай жерінен бастап айналу керектігін көрсетеді. ⠀ Осынау Қасиетті Қағбаға барып, дұға тілеп, мінәжат жасауды Алла Тағала әрбіріңізге нәсіп етсін! #қажылық2018 #ұмра2018 #ruhani_ilim #hajj2018 #umra2018
Қасиетті Қағба туралы 5 дерек ⠀ Қағба – Меккедегі Әл-Харам мешітінің ортасында орналасқан ғимарат, Аллаға құлшылық ету үшін барша мұсылман қауымның күніне бес рет бұрылатын қасиетті орны. Сол қасиетті Қағба жайында сіз білмейтін 5 деректі жазбақпыз: ⠀ 🍀 Қағба бірнеше рет тұрғызылған. Оның қазіргі көрінісі Ибраһим (а.с.) мен Исмайыл (а.с.) пайғамбарлар тұрғызған кездегі көрінісінен мүлде басқаша. Табиғи апаттар мен бұзылып, қираулардың нәтижесінде ол осыған дейін бірнеше рет қайта жаңартылған. ⠀ 🍀 Алғашында оның екі есігі және терезесі болатын Алғаш кезде Қағбаның кіруге және шығуға арналған екі есігі, сонымен қоса терезесі бар еді. Қазіргі Қағба терезесіз, тек бір есігі ғана бар. ⠀ 🍀 Кілті меккелік бір әулетке тиесілі. Әуел баста құрайыштар тайпасындағы кілт Меккені алған соң Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қолына тиеді. Бірақ Алла елшісі (с.а.с.) кілтті Осман ибн Талхаға қайтарып береді. Содан бері осы әулеттің ұрпақтары кілттің иесі болып саналады. ⠀ 🍀 Расында Қағба екеу Қағбаның қақ төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол жайлы қасиетті Құранда және Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқан. Алла елшісі (с.а.с.) Миғраж сапары жайлы айтқанында: «Одан кейін маған әл-Бәйт уль-Маъмур (Алланың Үйі) көрсетілді. Мен Жәбірейілден «Бұл не?» деп сұрағанымда ол: «Бұл әл-Бәйт уль-Маъмур. Күніне жетпіс мың періште бұл жерде құлшылық жасайды, олар бір қайтқанда екінші қайта келмейді. Олардың орнына басқа періштелер келеді, солай күнде жалғаса береді», – деді», – деген. ⠀ 🍀 Мұсылмандар үшін Қағба мен Қара тастың орны ерек. Қағба Аллаға құлшылық жасағанда қайда қарап бұрылу керектігін меңзейтін қасиетті орын болса, Қара тас Қасиетті Үйдің қай жерінен бастап айналу керектігін көрсетеді. ⠀ Осынау Қасиетті Қағбаға барып, дұға тілеп, мінәжат жасауды Алла Тағала әрбіріңізге нәсіп етсін! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, босатқан құлы Абу Абдаллаһ Саубан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Сен көп сәжде жасауың керек, расында, Аллаһ үшін жасаған әр сәждеңе, Аллаһ сені бір сатыға көтереді және сенің мойныңнан бір (кіші) күнәні түсіреді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Қажылық пен Ұмра сапарының ұқсас жақтары мен айырмашылылықтары неде? ⠀ Көптеген адамдардың көкейінде жүретін сұрақтардың бірі әрі бірегейі. Осы сұрақтың төңірегінде біздің компанияның жолбастаушысы - Бекжан Аширбаев жауап береді. Қысқа әрі нұсқа видеомызда Қажылық пен Ұмра сапарының ұқсастықтары әрі басты айырмашылықтарын айтып өтпекпіз! ⠀ Видеоның толық нұсқасын You Tube парақшамызға өтіп, тамашалай аласыздар. Сілтеме жоғарыда! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Қажылық және оның парыздығы туралы Қасиетті Құранда: «Алланың үйін (Қағбаны) зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару - оның мойнындағы Алланың ақысы» деп ұқтырылса («Әли-Имран» сүресi, 97-аят), хадисте: «Ұмра ұмраға дейінгі аралықтағы (кіші) күнәларды шаяды, ал қажылық мабрурдың (шынайы қажылықтың) сыйлығы – тек жәннат» деп сүйіншіленеді. (Бұхари, Муслим) ⠀ Қажылық сапарына баратын адам оның бірнеше парыздарын біліп барған абзал. Теориялық әрі рухани тұрғыда дайын болып барса, ғибадатын өтеу оңайырақ болады. Қажылықтың үшінші парызы - Тауап амалы, яғни Қасиетті Қағбаны жеті рет айналады. ⠀ Тауап – араб тілінде зиярат ету, бір нәрсені айналу сияқты мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – Қасиетті Қағбаны жеті рет ғибадат ниетімен айналу. Тауап Алла Тағаланың аршының айналасында тауап ететін періштелер тәріздес Алла Тағалаға деген сүйіспеншілікпен, тағзыммен жасалатын ғибадат. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тауаптың намаз тәріздес ғибадат екенін білдіреді: «Байтулланың (қасиетті қағба) айналасында тауап жасау – намаз оқу сияқты. Ерекшелігі тауапта сөйлеуге болады, бірақ тауап жасап жүріп кім сөйлесе, қайырлы сөз сөйлесін» (Тирмизи). ⠀ Егер қажылық сапарына бірінші рет баратын болсаңыз немесе туыстарыңыз, достарыңыз болса осы қажылықтың парыз амалдарын біліп барғаны дұрыс. Сондықтан да осы жазбаны бөлісіп, айта жүріңіз! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, бірде ол Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жұқпалы ауру туралы сұрағанда ол былай деп жауап берді: ⠀ Ол Аллаһ Тағаланың қалаған құлына жіберетін азабы. Оны Аллаһ Тағала имандыларға Өзінің рахымы ретінде жібереді, сондықтан ол ауру келген қаладағы мұсылман барлық жақсылық пен жамандық Аллаһтың жазуымен болады деп, Аллаһтың сауабынан үміт етіп еш жаққа қашпай отырған мұсылманға, Аллаһ жолындағы соғыста шаһид болғанның сауабындай сауаб жазады. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
"Қажылық сапарын 3 сөзбен сипаттаңыз?" конкурсының жеңімпазы анықталды. ⠀ ЖӘННӘТҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ! ⠀ Өткен аптаның бейсенбі күні ұйымдастырған ойынымыздың нәтижесін бүгін шығардық. Әділ қазылар алқасымен (яғни компанияның қызметкерлерімен) ақылдаса келе, жеңімпазды @gulim_abitaevna қарындасымызға бердік. Қасиетті Құран кітабын сыйға тартатын боламыз. Шын жүректен құттықтаймыз, @gulim_abitaevna ! #қажылық2018 #ұмра2018 #умрахадж #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Біртіндеп жинаған сауабыңды, бір сәтте, бір мезетте уысыңнан шығарып алма! ⠀ Қасиетті Рамазан айында әрі Қажылық сапары кезінде жасаған жақсы әрі игі істеріңізді, құлшылықтарыңызды ізін суытпай жалғастырып, әдетке айналдырыңыздар. Алла Тағала тілеген дұға-тілектеріңізді қабыл етсін! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Абу Сағид және Абу Хурайра, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, олар Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Мұсылманға не кездіксе де, ол мейлін шаршау болсын, ұзақ ауру болсын, мазасыздану болсын, қайғы болсын, қолайсыздық болсын, керек десеңіз тікенектің шаншығаны болсын, Аллаһ Тағала ол үшін міндетті түрде күнәләрінің бірін кешіреді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны атанған Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқаридың өмір тарихы қалың көпшілікке беймәлім. Ол – Сауд елі патшасының оң қол уәзірлігіне және Мекке қаласының әкімі лауазымына дейін көтерілген қазақ. Сондай-ақ, қасиетті Байтолланың (Қағбаның) үстіне жамылған кілемді алмастыру бақытына ие болған бірден-бір мұсылман. ⠀ Абдолланың өз есімі – Шәкен Сарыұлы. Алтай өңірінде дүниеге келген керей баласы 1940 жылы дұңған Мафуфаңның талауына түсіп, 13 жасында саудагер ұйғырға сатылып кетеді. 1941 жылы сол ұйғырмен бірге Сауд-Арабияға барып, сұлтан Бейбарыстың тағдырын қайталайды. ⠀ Абдолла қажының туыстарынан жеткен ақпарат бойынша, ол 1946 жылы Мекке қаласындағы Мемлекеттік Әскери Университетке қабылданады. Оқуды тамамдаған соң, Мекке қаласында жол сақшысы болып істейді. Кейін Шекара Қорғаныс армиясында, Шекара Қорғанысының есірткімен күрес бөлімінде маңызды қызметте болады. Сауд елінде «Ерекше еңбегі үшін» марапаты мен «Мемлекетке еңбегі сіңірген генарал» атағы беріліп, Министр дәрежелі әскери қызметкерге айналады. ⠀ 1970-жылдары Мекке қаласының әкімі міндетін 10 жылға таяу атқарғаннан кейін, Сауд патшасының көмекшісі, уәзірі қызметіне дейін көтерілген. 1992 жылы зейнетке шығып туған жері Баркөл Қазақ Автономиялы ауданына барып қайтты. ⠀ Деректер бойынша ғұмырында 39 мәрте қажылық еткен. Абдолла қажы Сарыұлы 2000 жылы Сауд-Арабияның Жидда қаласында 73 жасында дүниеден өтті. #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
"Qazaq Travel" Қажылық және Ұмра компаниясының Мекке мен Мәдинадағы жолбастаушыларының бірі - Заур Маратұлы. ⠀ Мекке мен Мәдинені бес саусағындай білетін жолбастаушымыз әрі тәжірибелі әрі жан-жақты. Қазақ, орыс, өзбек және араб тілдерін жетік меңгерген өз ісінің маманы. Осы уақытқа дейін қаншама адамның қажылық сапарының дұрыс орындалуына түрткі болған, әрбіреуінің жанына барып түсіндіруден жалықпайтын Заур бауырымызға Алла разы болсын! Күні кеше ғана Мекке қаласынан елге оралды, Рамазан айында Ұмра сапарына барған қажыларға жол сілтеп, амалдарының дұрыс орындалуына көмектесті. Қазір тамыз айында болатын үлкен Қажылық сапарына дайындалып жатыр. ⠀ Осындай тамаша сапар әрі білікті жолбастаушы барлығымызға нәсіп болғай! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Анас, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді: Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қабірдің басында жылап тұрған бір әйелді көріп оған: “Аллаһтан қорық және шыдамды бол!”, - деді. Ол әйел Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, түрін білмейтін, сондықтан: “Мені жайыма қалдыр, саған мұндай қайғы келген жоқ қой!”, - деп дауыстады. Содан кейін оған: “Бұл болған Пайғамбар ғой!”, - дейді. Сонда ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, есігінің алдына келіп, оның есігінің алдында қызметші жоқтығына таң қалды. Сосын әйел оған: “Мен сені танымай қалдым!”, - дегенде ол: “Шындығында, сабырды күйзелістің басында сақтау керек”, - деді. (Әл-Бухари Муслим). “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Қажылық сапарына намаз оқымайтын адамдардың баруына бола ма? ⠀ Осы сұраққа біздің жолбастаушымыз Заур Маратұлы жауап берді. Видеоның толық нұсқасын You Tube парақшамызға өтіп, тамашалай аласыздар. Сілтеме жоғарыда! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Құрметті "Qazaq Travel" компаниясының жазылушылары! Біздің Instagram және Facebook парақшамыз сіздерге арнап кезекті ойын акциясын ұйымдасдырмақ! Ойынның шарты өте қарапайым екі тараудан тұрады: ⠀ ☘️ Біздің компанияның Instagram және Facebook парақшасына жазылу керек; ⠀ ☘️ Әрбір мұсылманның бесінші парызы болған "Қажылық сапарын" комментарийге үш сөзбен сипаттап жазу. ⠀ Өзіңіздің ой еркіңізге, фантазияңызға ерік беріңіз де әдемі 3 сөзбен сипаттап көріңіз. Қанша адам болса сонша ой, пікір бар. Сондықтан сіздерден максималды түрде жақсы нәтиже күтеміз. ⠀ Акция 21-27 маусым аралығында өтеді, ең ерекше бір әсер қалдыратындай етіп жазған оқырманымызға Қасиетті Құран кітабын сыйға тартатын боламыз! Ал, ендеше сәттілік! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
🌴🔆🎈🎉 Более 1 миллиона мусульман пришло в мечеть пророка ﷺ в Медине для совершения праздничного намаза в день 'Ид Аль-Фитр (Ураза байрам) 15 июня 2018 года. @hajjnews_ru #хадж #умра #Мекка #Медина #Makkah #замзам #Ислам #мусульмане #Коран #Хадисы #умма #muslim #madinah #kaaba #мечеть #кааба #альхарам #НовостиХаджа #hajj #umrah #hajj2018 #umra2018 #jeddah #Мечеть
Йахйа Сухайб бин Синан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Мұсылманның жайына таң қаласың! Шындығында, оның кез-келген жайында игілік бар, және бұл, мұсылманнан басқа ешкімге берілмеген: егер оған бір жақсылық келсе ол Аллаһқа шүкірлік айтады және оның сол айтқанында игілік бар, ал егер оған бір қайғы келсе, ол оған да сабыр етеді, оның бұл ісі де өзіне игілік болып оралады. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Қамшының сабындай қысқа өмірде әрбіріңізге қажылық сапарын өтеуді нәсіп етсін. Жасаған құлшылықтарыңыз, істеген игі амалдарыңыз қабыл болсын! "Qazaq Travel" компаниясы әрбір ісіңізге береке тілейді! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Қажылық сапары әрбір жағдайы жеткен мұсылман үшін парыз. Ол сапарға ниеттеніп жүрген адамдар ақшаларын жинап, өздері баруға дайындалады немесе әке-шешесін, ата-әжесін, туған туысқандарын жібереді. Біздің компаниямен қажылық сапарына баратын адамдар көбіне әке-шешесін жіберіп жатады. Алла Тағала сіздерге де осынау ұлы сапарға әке-шешеңізді апаруды нәсіп етсін! Ниеттеріңіз қабыл болсын! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
🛅 Для паломников совершающих итикяф в мечети Аль-Харам было выделено 1500 ячеек хранения Президиум по делам Запретной Мечети и Мечети Пророка ﷺ предоставил 1500 ячеек для хранения личных вещей паломникам, совершающим итикяф в мечети Аль-Харам в последние 10 дней Рамадана. Каждая из ячеек открывается с помощью секретного кода, а также с помощью магнитных ключей, выданных паломникам. В ячейках каждому паломнику была предоставлена подушка, молитвенный коврик, полотенце, а также моющие средства. Также для совершающих итикяф были установлены специальные стенды с USB-разъемами для зарядки мобильных устройств. @hajjnews_ru #хадж #умра #Мекка #Медина #Makkah #замзам #Ислам #мусульмане #Коран #Хадисы #умма #muslim #madinah #kaaba #мечеть #кааба #альхарам #НовостиХаджа #hajj #umrah #hajj2018 #umra2018 #jeddah #Мечеть
Абу Зарр Жундуб бин Жунад және Абу Абд ар-Рахман Муъаз Ибн Жабал, екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ "Қайда болсаң да Аллаһтан қорық, жаман (күнәлі) істен кейін жақсылық (игілік) жаса, жаман ісіңді өшірсін және адамдармен қарым-қатынаста биязы (көркем мінезді) бол". Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
ШӘУУӘЛ АЙЫНДАҒЫ 6 КҮНДІК ОРАЗА ⠀ Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп, бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген (Сахих Мүсілім). Ғалымдар Шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс күнді құрайды. Бір жылдың қалған бес күні ораза ұстауға болмайтын Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан айттың төрт күні. Міне, бұл – Жаратушы Иеміздің бізге деген шексіз мейірімі. ⠀ Шәууал айындағы оразаға қатысты кейбір мәселелер: ⠀ ☘️ Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау – ешкімге міндет емес, мұсылманның өз еркінде. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады. ⠀ ☘️ Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Әрі оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады. ⠀ ☘️ Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады. ⠀ ☘️ Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер Шәууәл айында әуелі Рамазанның қазасын өтеп, кейін Шәууәлдің алты күндік нәпілін ұстаса болады. ⠀ ☘️ Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да Шәууал оразасын ұстауына болады. Алайда, олар Пайғамбарымыз (с.а.с.) сүйіншілеген бір жылдық оразаның сауабын ала алмайды. Себебі, Рамазан оразасы – парыз. Оны ұстамау – үлкен күнә. ⠀ Алла Тағала ұстаған нәпіл оразамызды қабыл етсін! "Qazaq Travel" компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ 5 ПАЙДАСЫ ⠀ ☘️ Адам өз мойнына жүктелген міндеттен құтылу арқылы, Алла қаласа, сансыз сауапқа кенеледі. (себебі, нәпіл амалдарға қарағанда парыз амалдардың сауабы көбірек болады) ⠀ ☘️ Алла қажылық жасаған пендесінің өткен күнәларын кешіреді: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә жасамай, Алла үшін қажылық жасаса, ол (үйіне) анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады», – деген (Бұхари, 1424). ⠀ ☘️ Қажылыққа барған адам «АЛЛАНЫҢ ҚОНАҒЫ» болу мүмкіндігіне ие болады! Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылар және умра жасаушылар – Аллаға келген (өз елдерінің) өкілдері. Егер олар Оған дұға қылса, жауап береді (дұғаларын қабыл етеді), егер кешірім сұраса, оларды кешіреді», – деген (ибн Мәжаһ, 2883). ⠀ ☘️ Қажылық адамның жүрегін тәкаппарлық пен дүниеқоңыздықтан тазалайды. Себебі, қажылықты орындау үшін мұсылмандар әлемнің түкпір-түкпірінен жер бетіндегі ең қасиетті мекенге жиналып, бәріне бірдей ортақ, жалғыз Раббылары – Аллаға ғана құлшылық қылып, бірдей киім киеді. Сондықтан, қажылықта басшы мен бағынышты, бай мен кедей, ақ пен қараның араларында ешбір айырмашылық болмайды. ⠀ ☘️ Егер шын ықыласпен жасаған құлшылығыңызды Алла қабыл етсе, сіз – жәннаттықсыз! Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қабыл болған қажылықтың сауабы – тек қана жәннат», - деген! (Бұхари) ⠀ Алла Тағала бәріңізге Қажылық сапарына баруды нәсіп етсін! #қажылық2018 #ұмра2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018
Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Ислам дінін жақсы ұстанғанның бір белгісі болып, адамның өзіне қатысы жоқ нәрселерге араласпауы жатады. Ат-Тирмизи және басқа мұхаддстер бұл хадисті «Жақсы хадис», деп келтіреді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге істеріңізге береке тілейді. Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасуда, әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ұмра #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Bajram Šerif Mubarek Olsun #Umra2018 ❤🌹❤🌹❤
Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ Расында, Аллаһ Тағала түшкірушіні жақсы көреді де, есінеушіні жақтырмайды. Егер адам түшкіріп Аллаһ Тағалаға мақтаулар айтатын болса, онда осыны естіген әр-бір мұсылманға: “Аллаһ саған рахым етсін!” /Йархамука-Ллаһу!/, - деп айту жүктеледі. Ал есінеу жайлы айтатын болсақ, расында ол - шайтаннан, сондай-ақ сендерден қайсыларың есінегілерің келсе оны келгенше тежесін, өйткені ол есінеген кезде шайтан оған күледі. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге Рамазан айының соңғы күндерін құлшылықпен, дұғамен әрі кешіріммен өткізулеріңізді тілейді! Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасын табуда, осы қасиетті айда әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018 🌙
Омар, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген: ⠀ "Егер сендер Аллаһқа дұрыс тәуекел етсеңдер еді, онда Ол сендерді, таңертең аш кетіп кешке қарындары тойып қайтатын құстарды қалай ризықтандырады, сендерді де солай ризықтандырар еді". Бұл хадисті ат-Тирмизи «Жақсы хадис» деп келтіреді. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге Рамазан айының соңғы күндерін құлшылықпен, дұғамен әрі кешіріммен өткізулеріңізді тілейді! Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасын табуда, осы қасиетті айда әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді: ⠀ "Адамның жақын досы қай дінде болса, ол да сол дінде болғаны, сондықтан адам достасайын деп жатқан адамына мұқият зер салсын". Бұл хадисті Абу Дауд пен ат-Тирмизи келтіреді, ат-Тирмизи «Жақсы хадис», деген. (Әл-Бухари Муслим). ⠀ “Qazaq Travel” Ұмра және Қажылық компаниясы сіздерге Рамазан айының соңғы күндерін құлшылықпен, дұғамен әрі кешіріммен өткізулеріңізді тілейді! Бізде қазір Қажылыққа тіркеу жалғасын табуда, осы қасиетті айда әке-шешеңізге, туысқандарыңызға Қажылық сапарына билет алып, сыйлап қуантыңыздар! #қажылық2018 #ораза2018 #рамазан2018 #qazaqtravel #hajj2018 #umra2018 #ramadan2018
next page →